Президент орталығы
Қазақстан Республикасы

Біз туралы

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы — мұрағат, кітапхана және мұражай.

Президенттік орталық қызметінің мәні — Қазақстан Республикасы Президентінің мұражай қоры мен жеке кітапханасының, Қазақстан Республикасы экс-президенттерінің мұражай қорларының, жеке кітапханалары мен жеке мұрағаттарының жұмыс істеуін кітапханалық-библиографиялық, мұрағаттық, ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-қорлық, мәдени-ағартушылық және имидждік қамтамасыз ету.

Қызмет мақсаттары

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің мұражай қорын және жеке кітапханасын, Қазақстан Республикасы экс-президенттерінің мұражай қорларын, жеке кітапханалары мен жеке мұрағаттарын ұйымдастыру жұмысы.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің және экс-президенттерінің өмірі мен қызметі туралы материалдарды жинау, жүйелеу және зерттеу.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің және экс-президенттерінің қызметі арқылы Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен даму тарихын зерттеу.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің және экс-президенттерінің тарихи мұрасын ақпараттық-имидждік ілгерілету.

Басшылық

Темірболат Бақытжан Берікбайұлы

Темірболат Бақытжан Берікбайұлы

ҚР Президенттік орталығының директоры

1972 жылы 10 желтоқсанда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында бастаған. 2000–2019 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген (Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі, бас инспектор, Президент Кеңсесі бастығының орынбасары, Жалпы бөлімнің меңгерушісі). 2019–2021 жж. — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы; 2021–2023 жж. — ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасының директоры. 2023 жылдан бастап — ҚР Президенттік орталығының директоры.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Әбішева Мариан Асарқызы

Әбішева Мариан Асарқызы

Директордың орынбасары

1971 жылы 23 қаңтарда туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетін бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары болып, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде, «Самұрық-Қазына» АҚ-да, ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасында жұмыс істеген. 2018–2022 жж. — Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры; 2024–2025 жж. — Президенттік орталықтың жетекші ғылыми қызметкері. 2025 жылдан бастап — директордың орынбасары.

Член Экспертного совета Совета Безопасности РК. Награждена медалью «Ерен еңбегі үшін».

Жүкенов Дулат Амантайұлы

Жүкенов Дулат Амантайұлы

Директордың орынбасары

1975 жылы 9 маусымда туған. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика» және «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Менеджмент магистрі (М. В. Ломоносов атындағы ММУ).

Ақмола облысы әкімінің аппаратында, Президент Әкімшілігінде, Премьер-Министр Кеңсесінде, Қауіпсіздік Кеңесінде, ҚР Президентінің Іс басқармасында, Мәдениет және спорт министрлігінде жұмыс істеген. 2021–2023 жж. — ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасы директорының орынбасары. 2023 жылдан бастап — ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары.

Қаипова Ботагөз Мұттахиденқызы

Қаипова Ботагөз Мұттахиденқызы

Директордың орынбасары

1971 жылы 27 желтоқсанда туған. С. Сейфуллин атындағы Ақмола педагогикалық университетін «Тарих және әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Л. Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ-да, Мемлекеттік басқару академиясында, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген. 2008–2021 жж. — ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайы директорының орынбасары; 2021–2023 жж. — ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасы директорының орынбасары. 2023 жылдан бастап — ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Байланыстар

Телефоны

Диспетчер: 75-37-07
Ресепшн: 75-35-35
Оқу залы / Reading room: 75-35-36
Compliance: 75-35-38

Мекенжай

Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а
Есіл ауданы, Астана, 010000
2ГИС-те ашу →